5-ке_дейін_үлгер_мобильді_қосымшасын_қолдану_нұсқаулығы
Шу ауданында мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункттер 37 мектепке дейінгі ұйымдардың базасында ұйымдастырылды
Консультациялық пункттер мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен дамытуда отбасына көмек көрсетудің бір түрі болып табылады. Ата-аналарға арналған консультациялық пункттің жұмысы мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға көмек көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық және әдістемелік көмек көрсету. Негізгі міндеттері : - мектеп жасына дейінгі баланың жан-жақты дамуы мәселелері бойынша ата аналарға әдістемелік көмек көрсету, мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендіруге ықпал ету ; - ата-аналарға (заңды өкілдерге) бір жастан бастап бірінші сыныпқа қабылданғанға дейін балаларды тәрбиелеу, оқыту мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету; - ата-аналарға (заңды өкілдерге) диагностикалық көмек көрсету, мектеп жасына балалардың дамуындағы мәселелерді анықтау және диагностикалау; - мектеп жасына дейінгі балалардың дене бітімі, психологиялық және әлеуметтік дамуындағы әртүрлі ауытқулардың алдын алу; - мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған ата-аналарға (заңды өкілдерге) ақпараттық қолдау көрсету; -тәрбиеленушінің толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен тығыз ынтымақтастық орнату болып табылады.
Ауданымыздағы 37 консультациялық пункттерде (оның 13-ы қалалық жерде, 24с-і ауылдық жерде) 270 ата-ана және 270 бала қамтылған (оның 182-сі қалалық жерде, 82-сі ауылдық жерде). 270 баланың ішінде 96 бала 2 жаста, 93 бала 3 жаста, 81 бала 4 жаста. 270 баланың ішінде 43 бала көпбалалы отбасыда тәрбиеленіп жатқан балалар.
Консультациялық пункттерде 110 педагог қызмет етеді, оның ішінде әдіскер, психолог,тәрбиеші, логопед, музыкант, медбике бір жастан бастап бірінші сыныпқа қабылданғанға дейін балаларды тәрбиелеу, оқыту, тамақтану, денсаулығын нығайту мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді. Сонымен қатар, ата-аналар балаларымен балабақшаның әртүрлі іс-шараларына да қатысады. Нәтижесінде 4 жастағы 81 бала жаңа оқу жылында мектептің мектепалды сыныбына мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша ересек тобының бағдарламасын меңгеріп, мектепке дейінгі дайындықпен барады.
