Меню KDT

Жаңалықтар

Главная Жаңалықтар

Мектеп-гимназия директорының 2024-2025 оқу жылының аяқталуы бойынша жылдық есебі


Күні: 2025 жылғы 23 мамыр 
Уақыты:16.00
Өткізу орны: Мектептің мәжіліс залы  

Қатысқандар:  
Мектеп-гимназия  директоры, қамқоршылық кеңесінің мүшелері, ата-аналар комитеті, сынып жетекшілер, мектеп психологы, әлеуметтік педагог, ата-аналар.

Күн тәртібі:  
1. Мектеп-гимназия  директорының 2024–2025 оқу жылындағы оқу-тәрбие процесінің қорытындысы бойынша жылдық есеп беруі  
2. Қамқоршылық кеңесі тарапынан ұсыныстар  
3. Ата-аналар пікірлері мен ұсыныстары  

Тыңдалды:  
1. Мектеп-гимназия  директорының есебі  
Мектеп-гимназия директоры 2024–2025 оқу жылында мектеп ұжымының атқарған жұмыстарына шолу жасады.  
- Оқу үлгерімі мен білім сапасы көрсеткіштері;  
- Оқушылардың жетістіктері (олимпиадалар, байқаулар, спорт);  
- Тәрбие жұмыстарының бағыттары («Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жүзеге асуы);  
- Педагог кадрлардың сапалық құрамы, жас мамандармен жұмыс;  
- Қауіпсіздік, цифрлық мәдениет, мектепішілік бақылау нәтижелері;  
- Қамқоршылық кеңесінің қолдауымен жүзеге асқан істер;  


2. Қамқоршылық кеңесі:
Кеңес төрағасы Бахитов Болатбек Күзембайұлы  сөз алып, мектеп-гимназия әкімшілігімен тығыз байланыс орнап отырғанын, ата-аналармен серіктестік нәтижелі болғанын айтып өтті. Бірнеше ұсыныстар білдірілді:    
- Аула спорт құралдарын жаңарту;  
- Танымдық экскурсиялар санын арттыру.

3. Ата-аналар пікірлері:  
Ата-аналар тарапынан ұсыныстар мен оң пікірлер айтылды. Балалардың қауіпсіздігі мен психологиялық қолдау мәселесі көтеріліп, мектеп-гимназия әкімшілігі тарапынан жүйелі жұмыс жасалып жатқаны айтылды.

Шешімдер:  
1. Мектеп-гимназия директорының жылдық есебі қанағаттанарлық деп танылсын.  
2. Қамқоршылық кеңесінің ұсыныстары алдағы оқу жылында жұмыс жоспарына енгізілсін.  
3. Ата-аналармен ынтымақтастық жалғастырылсын.

Хатшы: А.Тургумбаева 
Директор: А.Естаева

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено