Меню KDT

Жаңалықтар

Главная Жаңалықтар

ВАКАНСИЯ

03.04.2025 жыл, ВАКАНСИЯ Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Дінмұхамед Қонаев" атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос лауазымға конкурс жариялайды. 1.Аға Тәлімгер -1 орын Міндеттері: балалар қоғамдық ұйымдарының, "Жас қыран", "Жас ұлан" бірлестіктерінің, дебаттың, мектеп парламентінің қызметін дамытуға ықпал етеді; білім алушыларға олардың бірлестіктерінің, ұйымдарының қызметін жоспарлауға көмектеседі, олардың қызметінің мазмұны мен нысандарын жаңартуға ықпал етеді; балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жұмысты жүзеге асырады; ұжымдық-шығармашылық қызметті ұйымдастырады; балалар мен жасөспірімдерді жұмыс істеп тұрған ұйымдар, бірлестіктер туралы кеңінен ақпараттандыру үшін жағдайларды қамтамасыз етеді; білім алушыларға азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын көрсетуге, өз мүдделері мен қажеттіліктерін іске асыруға мүмкіндік беретін қолайлы жағдайлар жасайды; білім беру ұйымдарында мәдени-бұқаралық, патриоттық жұмыстар жүргізеді, сынып жетекшілеріне тәрбие жұмысын, балалардың танымдық бос уақытын ұйымдастыруға көмек көрсетеді; балалар мен жастар ұйымдарын, пікірталастарды, оқушылардың өзін-өзі басқаруын, мектеп немесе студенттік парламенттерді, еріктілер қозғалысын ұйымдастырады; білім алушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қамқорлық жасайды; каникул кезінде олардың демалысын ұйымдастырады; білім алушылармен инновациялық жұмыс тәжірибесін зерделейді және пайдаланады; "Қоғамға қызмет ету", "Отанға тағзым", "Үлкендерге құрмет", "Анаға құрмет" қоғамдық-пайдалы жұмыстарын ұйымдастырады.; балалар ұйымдарының, бірлестіктерінің бастапқы ұжымдарының басшыларын (ұйымдастырушыларын) іріктеу және даярлау бойынша жұмысты жүргізеді; өзін-өзі басқару органдарымен және білім беру ұйымының педагогикалық ұжымымен, қоғамдық ұйымдармен, білім алушылардың ата-аналарымен немесе оларды алмастыратын адамдармен тығыз байланыста жұмыс істейді; білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді. Талаптар: талап 1 жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе "Педагогика" бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талап қойылмай, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат; және (немесе) біліктілігінің жоғары немесе орта деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы және педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін тәлімгер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар: 1) "педагог-модератор": "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ: балалармен жеке және топтық жұмысты дербес ұйымдастыру; 2) "педагог-сарапшы": "педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ: балалармен диагностикалық жұмыстың ұйымдастырушылық нысандарын пайдалану, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мәселелері бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдыларына ие болу, өткізілетін тәрбиелік іс - шараларды талдау әдістерін пайдалану, өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибені пайдалану; 3) "педагог-зерттеуші": "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ: ұйымдастыру-әдістемелік қызметті талдау технологияларын пайдалану; 4) "педагог-шебер": "педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ: ұйымдастыру-әдістемелік қызметті талдау технологияларын пайдалану; • облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-те мақұлданған әдістемелік материалдардың болуы. Қажетті құжаттар тізбесі: 1) «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығының 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін); 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); 4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген). 7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8) наркологиялық ұйымнан анықтама; 9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса); 10) лауазымға орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік 11) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы. 12) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480. Сонымен қатар, Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады. Құжаттар Қонаев ауылы, Онласын көшесі № 81, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Дінмұхамед Қонаев "атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қабылдау бөлмесінде және https://hr-nobd.iac.kz/ мекен жайындағы Педагогті жұмысқа қабылдау платформасында қабылданады. Байланыс телефоны: +7 (72638) 4-52-64; Электрондық пошта: tolebi.konaev@mail.ru Құжаттарды қабылдау: жұмыс кестесіне сәйкес 2025 жылғы 03.04 - 14.04 аралығы.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено