Меню KDT

Жаңалықтар

Главная Жаңалықтар

Мектептегі медиация қызметі – уақыт талабы

✍Мектептегі медиация қызметі – уақыт талабы✍

Оқушылар арасында құқықбұзушылық пен әлімжеттік күрделі мәселе болып отыр. Өзектілігі өшпеген мәселелерге тоқтау салу мақсатында «Мектеп медиациясы» қолға алынып, қолдауға ие болып келеді. Жоғары сынып оқушылары мен педагогтар,психолог, әлеуметтік педагог пен қамқоршылық кеңесі төрайымының қатысуымен «Мектептегі медиация қызметі – уақыт талабы» тақырыбында түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Мақсаты: Қиын өмірлік жағдайларда қолдау көрсету, балаларды дамыту және әлеуметтендіру үшін қолайлы және қауіпсіз орта құру.
Отырыс барысында мектеп медиациясының мақсаты мен міндеті,ерекшілігі мен қызметі, сондай-ақ, оның тиімділігі төңірегінде әңгіме өрбіді.
Медиатор – тәрбиеге мән беретін тәуелсіз тұлға. Медиацияға қатысушы тараптар медиатордың тәжірибесіне, білімі мен іскерлігіне жүгіне отырып, оңтайлы шешім таба алады. Білім деген теңіздің айдынында ауқымды мәселені ақылмен шешу қажет. Ежелден-ақ, тоқсан рулы елдің мәселесін тоғыз ауыз сөзбен түйіндеп, төрелігін айтатын дана халықтың ұрпағымыз. Сондықтан заманауи медиация бағыты да бізге жат емесі айдан анық.
Қарым-қатынас сапасына білім сапасы да байланысты. Осы орайда , «Мектеп медиациясы» әдісінің негіздерінің бірі оң қарым-қатынас құру болып табылатыны сөзсіз.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено