Өткенін ескермеген өшеді,
Өткенін қастерлеген өседі,- демекші,
Жаулардан қарсы келген жасқанбаған
Жасаған ерлігіне мастанбаған.
Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,
Тарихта ардагерлер асқан бағаң – деп батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман ардагерлерімізге "Ардагерлер - асыл ерлер" атты тақырыпта кездесу ұйымдастырылды.
Сұм соғыстың зұлмат өртінде от болып жанып, шоқ болып жарқыраған , қараңғы қапас түнектен жұлдызды сәуле, арайлы күн болып болашаққа қимастықпен сағына қол бұлғап қалған ауғанстан жерінде қаза болған мектебіміздің түлегі жауынгер ағамыз Волошенко Алексей Дмитриевичке гүл шоқтары қойылып, бір минуттық үнсіздік берілді..
https://fb.watch/xOFBI1RfRd/