«Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында «Бәріміз кітап оқимыз!» 20 минуттық оқу сағаты өткізілді.
Оқушылардың оқу дағдыларын дамыту және кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, оқырмандарды кітапханаға тарту, кітапқа деген құрмет сүйіспеншіліктерін қалыптастыру мақсатында Амангелді атындағы орта мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында «Бәріміз кітап оқимыз!» 20 минуттық оқу сағаты өткізілді. Бүгінгі іс - шарамызға 1сынып оқушылары қатысты. Осындай қысқа уақыт ішінде балаларға пайдалы әрі көңілді кітап оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда оқушыларға алдымен жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін, суреті көп, мәтіні қысқа әрі мазмұны қызықты кітаптар таңдалып ертегілер оқытылды.
Оқу сағатына қатысқан кішкентай кітапхана оқырмандарына оқырмандарымыздың көңілінен шықты, ұнады.
20 минут бойы кітап оқу – өте жақсы әдет! Ол миыңды тынықтырып, ой-өрісіңді кеңейтеді. Кітап оқып рухани бай болайық!
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер