Меню KDT

Жаңалықтар

Главная Жаңалықтар

Жас мамандар отырысы

Жас мамандар отырысы

Жас маманның мамандығына кəсіби бейімделуі барысында олардың белсенділігін, мақсатты əрекетін, жоғары мектептің оқу-тəрбие процесінің «енуінің» шығармашылық сипатына мектеп директорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі  орынбасары, әдістемелік бірлестік және маманның тағайындалған тәлімгері жол сілтейді. Осылардың нəтижесінде олар өздерін танытуға, еңбек процесінде өз орнын табуға қажетті біліммен сусындайды, пəнге деген қызығушылығы артады, таңдаған кəсібіне оң пікірі, дағдылары мен білігі, ақыл-ой қызметін тиімді ұйымдастыру қабілеті мен кəсіби іскерлік қасиеттерді дамытуы, өзін-өзі тəрбиелеуі жəне кəсіби өз бетімен білім алу жұмысының жүйесі қалыптасады. Мектеп-гимназияға 2024-2025 оқу жылында 4 жас маман қабылданды.

2024-2025 о.ж. жас мамандар мектебінің жоспары негізінде 1-ші отырысын жетекшісі А.Толеуова жас мамандардарға қатысты нормативтік-құқықтық құжаттармен, КТЖ мен сабақ жоспарының үлгісімен, құру реттерімен таныстырыды. Жас мамандарды тәлімгерлерімен (Н.Имашева- А.Жанұзақ, А.Дуйсенбиева-Кайыргелдин Д., М.Кадырова- Мұхамедқалиева А., Н.Стыбаев-Шынболат Г.) таныстырды. Тәлімгерлер өз тараптарынан жұмыс жоспарларымен жас мамандарды таныстырды.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено