Меню KDT

Жаңалықтар

Главная Жаңалықтар

08.05.2025

«Оқуға құштар мектеп»

Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 2021-2025 жылдарға арналған «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында мектепішілік дәстүрге айналған 8-11 сынып оқушыларымен «Мен оқыған бір кітап» байқауының ІІ кезеңі болып өтті.

Байқау мектеп кітапханашысы Ізғалиқызы Раушан апайымызды еске алу құрметіне орай ұйымдастырылып, балаларының атынан жеңімпаз оқушыларға жүлде тағайындалды. Байқаудың әділқазылар алқасы: аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Жылқыбай Қайшыбеков,ардагер ұстаз, зейнеткер Күлжахан Кәрібайқызы, аудандық білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Айғаным Асқарбек, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Дүйсенкүл Тілепбергенқызы әр оқушының байқау ережесі бойынша жасаған жұмыстарына жеке талдау жасап, жетістіктері мен кемшіліктеріне аса мән берді.

Алдыңғы буын аға ,әпкелердің оқығаны да, көргені де өте көп екен.Оқушылар шығармашылығына өз бағаларын беріп, «Кітап- құнды дүние» ,«Кітап-ұстаз, ақылшы, дос» екені жайында пікір бөлісті.

Ісшара соңында мектеп директоры М.Сұлтанова, тірек мектебінің эксперимент ісі жөнініндегі орынбасары Б.Жексенбаева оқушыларға ізгі тілектерін білдіріп, жүлде жеңімпаздарын диплом, алғыс хаттармен марапаттады.

08.05.2025

«Қазақ хандығының қалыптасуындағы қазақ хандарының рөлі"

Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (Р.О) көктемгі сессия жоспарына сәйкес Мамыр айының 5 жұлдызында «Қазақ хандығының қалыптасуындағы қазақ хандарының рөлі" уйірмесінің жетекшісі

Асенова Қазына 8-сыныптарымен «"Жеті атасын білмеген жетесіз"» тақырыбында танымдық сабағын өткізді. Бұл мақал – қазақ халқының ұрпақ тәрбиесіндегі терең даналығын білдіреді. Ата-бабасын білу – тек шежірені сақтау емес, ол – адамгершілік, туыстық, отансүйгіштік пен рухани тәрбие негізі. Жеті атасын жаттау – ұрпақты тектілікке, ар-ұятқа, қандастық байланысқа адал болуға баулиды. Өз тегін таныған жас – елін, жерін құрметтейді.

Сабақта оқушылардың ойлау және тілдік қабілеттерін, қарым- қатынастық біліктілігін дамыту, грамматикалық тапсырмаларды дұрыс орындау, негізгі ойды бөліп алу, өз пікірін қорғай алу, ой қорытындысын жасату.

07.05.2025

"Бейбітшілік пен келісім балалар көзімен" және "Мен – Қазақстан патриотымын"

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 5-6 мамыр күндері Шу ауданы, Төле би ауылы Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО) базасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай "Бейбітшілік пен келісім балалар көзімен" және "Мен – Қазақстан патриотымын" атты сурет байқауы өткізілді.

Мақсаты:

- Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру;

- Бейбітшілік, достық, келісім және патриотизм ұғымдарын сурет арқылы бейнелеуге баулу;

07.05.2025

«Ел мен жердің қорғаушысы»

06.05.2025 жылы М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің кітапханасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Ел мен жердің қорғаушысы» патриоттық сағаты өткізілді.

Мақсаты: Оқушыларға Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу.

Шара барысында оқырмандармен Қазақстан қарулы күштері, патриоттық тақырыптарда викториналық ойын, мақал-мәтел жарысы өткізілді.

06.05.2025

«Ұрпаққа ұлан болған Жеңіс», «Ерліктің жарқын беттері»

Ағымдағы жылдың мамыр айының 5 күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында Шу ауданы, Төле би ауылы, Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО) базасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұрпаққа ұлан болған Жеңіс», «Ерліктің жарқын беттері» тақырыптарында 9 «Г» сынып жетекшісі Г.Қыздарбекова тәрбие сағатын өткізді.

Мақсаты:

- Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында жас ұрпаққа ел тарихын тереңірек таныту;

- Соғыс ардагерлерінің ерлігін құрметтеуге, патриоттық рухқа тәрбиелеу;

- Оқушылардың тарихи санасын қалыптастыру, елге деген сүйіспеншілікті арттыру.

Тәрбие сағаты барысында «Ұлы Жеңіс — халқымыздың тарихындағы ең қасиетті күндердің бірі екендігіне, осыдан тура 80 жыл бұрын, 1945 жылы 9 мамырда бейбіт күн орнағандығы туралы сонымен қатар ержүрек аталарымыздың ерлігін еске алды.

Тәрбие сағаты соңында

- Оқушылар Жеңіс тарихын терең түсініп, Отан қорғау ұғымын қадірлеуге тәрбиеленді;

- Ардагерлерге деген алғыс сезімін білдірді;

- Патриоттық сезімі мен азаматтық ұстанымының қалыптасуына үлкен үлесін қосты.

06.05.2025

«7 мамыр – Отан қорғаушылар күні»

Шу ауданы, Төле би ауылы, Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО) мамыр айының 5 күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 5 «А» сынып жетекшісі Г.Қонысбаева 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» тақырыбында сынып сағатын өткізді.

Мақсаты:

- Оқушыларға Отан қорғаушылар күні туралы мағлұмат беру;

- Оқушыларды патриотизмге, отансүйгіштікке тәрбиелеу;

- Қазақстан Қарулы Күштерінің тарихымен таныстыру болып табылады.

Сынып сағаты барысы:

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалып,

бұл мереке еліміздің тыныштығы мен бейбіт өмірін қамтамасыз етіп жүрген ер азаматтарға арналғандығын, еліміз үшін осы күннің маңыздылығы туралы оқушыларымыз кеңінен біле түсті.

Қазақстан Қарулы Күштерінің тарихына тоқталып, 1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен еліміздің Қарулы Күштері құрылғандығы , содан бері бұл күн Отан қорғаушылар күні ретінде аталып өтетіндігі түсіндірілді.

06.05.2025

"7 мамыр- Отан қорғаушылар күніне орай"

Ағымдағы жылдың мамыр айының 5 күні Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің (РО) 5 «Д» сынып оқушыларымен 7 мамыр- Отан қорғаушылар күніне орай «7 мая – День Защитника Отечества РК» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеуге,Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.

Оқушыларға осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек екенін, отан қорғаушыларға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбейтіні жайлы айтылды. Сынып сағаты барысында оқушылар патриоттық өлеңдерді жатқа оқып, бүгінгі мамыражай тыныш өмірді Отан қорғаушыларымыздың арқасында, берік бірлік нәтижесінде келгені туралы айтылды. Аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!

06.05.2025

«Сапта жүріп ән айту»

М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 05.05.2025ж Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 33 жылдығына орай 7- сынып оқушылары арасында мектепішілік «Сапта жүріп ән айту» байқауы өткізлді.

Іс-шараға құрметті меймандармен қатар, ұстаздар, оқушылар қатысты.

Жиын барысында алғашқы сөз алған мектеп директоры Сұланова Махаббат Төлегенқызы елдің тыныштығын, өткеннің өнегесін, болашақ ұрпақтың ел алдындағы жауапкершілігін айрықша атап өтті. Жас ұрпаққа аманат етілген осы рухани мұра – ерлік пен елдікке бастар темірқазық екенін жеткізді.

Қатысқан оқушылары сап түзеп, саптық шеру көрсетті. Жас ұландардың тізе қосқан жүрісі, әскери дайындық деңгейі көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Жас сарбаздар тактикалық әдіс-тәсілдер мен шұғыл әрекет ету машықтарын таныстырып, кәсіби шеберлікке тән дайындық үлгісін паш етті. Ерекше дайындықпен көзге түскен мектебіміздің 7 «В» сынып оқушылары үздік танылып, мақтау қағазымен марапатталдщы.

#Біртұтас_тәрбие

06.05.2025

«Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды!»

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 5 мамыр күні Шу ауданы, Төле би ауылы Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО) базасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 1-11 сыныптар арасында «Кітапқа жазылмаған тарих» және «Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды!» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.

Сынып сағаттары барысында оқушыларды - Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында соғысқа қатысқан қазақстандықтардың ерлігіне тағзым етуге;

- Кітап беттеріне енбей қалған, ел ішінде ауызша сақталған тарихи оқиғаларға назар аударуды;

- Жас ұрпақты отансүйгіштікке, тарихи сананы қалыптастыруға тәрбиелеу басты мақсат болды.

Сонымен қатар «Ұлы Жеңістің 80 жылдық тарихында, бұл — біздің тарихымыздағы ең ауыр, бірақ ең маңызды жеңістердің бірі екендігіне, кітап беттеріне енбей қалған, бірақ жүректерде сақталған тарих беттеріне басты назар аударылды.

#біртұтас_тәрбие

03.05.2025

«Ер есімі – ел есінде», «Ұлы Жеңіс – ел бақыты»

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың мамыр айының 2 күні, Шу ауданы Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің (РО) 5 сынып оқушыларымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Шу аудандық тарихи-өлкетану мұражайына «Ер есімі – ел есінде», «Ұлы Жеңіс – ел бақыты» тақырыптарында саяхат жасалынды.

Мақсаты:

- Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігін еске алып, жастардың бойында отансүйгіштік, тарихи сана қалыптастыру; Шу өңірінен шыққан батырлар мен соғыс ардагерлері туралы деректермен таныстыру; Мұражай қорындағы құнды жәдігерлер арқылы Ұлы Жеңістің маңызын ұғындыру.

Шу Мұражай қызметкері экскурсияны «Ер есімі – ел есінде» тақырыбындағы бөлімнен бастады.

Келесі кезекте: экспозициялармен таныстырып өтті.

- Ұлы Отан соғысына қатысқан Шу өңірі ардагерлерінің фотосуреттері мен өмірбаяндары;

- Майданнан келген хаттар, марапаттар, әскери киім үлгілері;

- Батырларға арналған стендтер мен көрнекі бұйымдар.

Қосымша бөлім – «Ұлы Жеңіс – ел бақыты»:

- Жеңістен кейінгі жылдардағы ауданның даму тарихы;

- Соғыстан оралған жауынгерлердің еңбектегі жетістіктері;

- Жеңіс күніне арналған тарихи фотошежірелер мен құжаттарды көрсетті.

Оқушылармен сұхбат:

Мұражай қызметкері оқушыларға сұрақтар қойып, олардың алған әсерлерін, есте қалған сәттерін талқылады.

Саяхат соңында оқушылар «Батырларымызды ұмытпайық!», «Ерлік – елге мұра» деген үндеулер айтып, естелік суретке түсті.

Шу аудандық мұражайына жасалған бұл танымдық саяхат – ұрпақтың өткен тарихқа деген құрметін арттырып, патриоттық рухын көтерудің жарқын үлгісі. Ерлік ешқашан ұмытылмайды, ал тарихты білу – болашаққа сенімді қадам екенін ұғындыра түсті.

#біртұтас_тәрбие

10.04.2025

«Тірек мектебінің (РО) ауыл балаларын әлеуметтендірудегі ролі»

«Тірек мектебінің (РО) ауыл балаларын әлеуметтендірудегі ролі»

Султанова Махаббат Тулегенкызы, мектеп директоры

Экономиканың бәсекеге қабілеттілігі адам ресурстарының сапасымен анықталса, адамресурстарыныңсапасымектептегібілім

сапасыменайқындалады.Бүгінгітаңдаоблыстағы 445 мектептің 79 пайызы (350) - ауылдық, оның 45-іШу ауданында орналасқан,оның 4-уі М.Мақатаев атындағы тірек мектебінің желісіне енгізілген. Бүгінгі таңда тірек мектебіне төрт магниттікШ.Мұртаза, Жайсан, Еңбекші, Алға шағын жинақталған мектептер. Аталған8-11 сыныптарда оқитын176 оқушы қамтылып отыр.

Ауыл мен қала мектептеріндегі білім сапасы арасындағы алшақтықты азайту – білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағытыболыптабылады,«Жайлымектептер»салу бағдарламасын, «Қазақстан халқына» қорынан республиканың тірек мектептерін (ресурстық орталықтарын) жабдықтау жобасын іске асы-

ру,іріктеужәнеоқытунәтижелерібойыншааса өзгермелі жағдайларда басқаруға дайын кәсіби көшбасшылардыіріктеу,даярлаужәнебасқада бірқатар жүйелі шаралар жүзеге асырылуда.